БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Қазақстан төрағалығының бағдарламасын бекітті, деп хабарлайды 24. kz.
Кеңеске мүше елдердің тұрақты өкілдері жұмыс жоспарының басты тармақтарын талқылап, құжаттың сапалы дайындалғанына назар аударды. Сондай-ақ қазақ елінің бастамасымен ұйым тарихында тұңғыш рет қауіпсіздік кеңесіне жаңадан сайланған тұрақты емес 6 мүше мемлекет Кот-д’Ивуар, Экваториялық Гвинея, Кувейт, Нидерланд және Перу мен Польшаның туларын көтеру салтанатты рәсімі өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу