Қазақстанның БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етудегі рөлі талқыланды

910

Қазақстанның БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етудегі рөлі талқыланды

Бүгін елордада "БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіне Қазақстанның төрағалығы: жаһандық деңгейдегі жаңа мүмкіндіктер" тақырыбымен халықаралық дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Ұлыбритания, Бельгия, Германия, Өзбекстан, Грузия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Армения сынды елдердің сарапшылары қатысқан ауқымды шара барысында ядролық қарудан бос әлемге қол жеткізу проблемалары, жаһандық соғыс қаупін жою мен жергілікті қақтығыстарды реттеу, Орталық Азия мүдделерін алға тарту мәселелері ортаға салынды.

"Астана қаласы – біздің саяси элитамыз шоғырланған әлемдік алаң. Астанада жер бетінде бейбітшілікті орнатуға бағытталған көптеген шаралар өткізіледі. Солардың бірі – бүгінгі жиын. Оның мақсаты – БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ету кезіндегі Қазақстанның басымдықтарын, қауіпсіздік және тұрақты даму арасындағы үздіксіз байланысты орнату шараларын жүзеге асырудағы мемлекетіміздің рөлін көрсету. Сарапшылар жиын барысында сириялық қақтығыстарды реттеудегі Қазақстанның қызметіне өз бағаларын береді", – деп атап өтті Саяси зерттеулер ассоциациясының аға сарапшысы Ерболат Смаков.

Халықаралық дөңгелек үстелді ұйымдастырушылардың пайымынша, шара аймақтық және жаһандық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған Қазақстанның сыртқы, ішкі саяси бітімгерлік бастамаларын ілгерілетіп, оларды кеңінен насихаттауға септігін тигізбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу