Қазақстанның даму банкі коронавирус пен дағдарысқа қарамастан, бюджет қазынасына 200 млрд теңгеге жуық салық төлепті. Акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Абай Сарқұлов осындай мәлімет айтты.
"2020жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, Қазақстанның даму банкі қаржыландырған жобалар 1,3 трлн теңгенің өнімін шығарып сатқан. Соның ішінде 1 трлн теңгенің өнімі экспортталды. Бюджеттік салық аударымдары 187 млрд теңгені құрады", – деді ол орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте.
Есжан Ботақара
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу