Жалпы ҚДБ 50 млн облигация шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Банк 50 млрд теңгеге облигация сатса, қалған 100 млрд теңгесі қосымша акция шығару арқылы тартылады. Бұл туралы ақпарат Қазақстан қор биржасы (KASE) сайтында жарияланған.
Бір облигация құны – 1000 теңге. Облигацияларды сатып алуға өтінім 5 мамырда қабылданды. Ең кемі бір облигация сатып алуға болады.
ҚДБ "Бәйтерек" ұлттық" басқарушы холдингі арқылы үкіметке тиесілі. Қаржы құрылымының мақсаты – елдің шикізаттық емес секторын қаржыландыру, экономиканың тұрақты дамуына қолдау көрсету.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу