Ол бұған дейін ҚДБ-ның аналитика бағытындағы басқарушы директоры лауазымын атқарды. Бұл туралы ҚДБ-нің қоғаммен байланыс қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бақытжан Омаров тәуекел менеджменті мен бизнес-процестер бағытына жетекшілік етеді.
Б. Байділдәұлы 1977 жылдың 28 сәуірінде дүниеге келген. Алматы экономика және статистика институтын "экономист-бухгалтер" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Қаржы секторында 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар, оның 15-інде Қазақстанның даму банкінде еңбек етті.
ҚДБ-дегі еңбек жолын 2008 жылы бас тәуекел-менеджер қызметінен бастады. 7 жылдам астам уақыт кредиттік блокта жұмыс істеп, 2019 жылдың сәуірінен басқарушы директор болып тағайындалды.
"Қазақстанның даму банкі" АҚ – Қазақстан аумағындағы ірі өндірістік және инфрақұрылым нысандарын дамытуға және қаржыландыруға маманданған ұлттық даму институты.