Қазақстанның даму банкі экспорттаушыларға несие береді

569

Экспорттаушылар банктен жыл соңына дейін 34 млрд теңге ала алады.

Қазақстанның даму банкі экспорттаушыларға несие береді Фото: egemen.kz

Бұл туралы Қазақстан Даму Банкінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сілтеме жасап, inbusiness.kz хабарлайды.

"Қазақстанның Даму Банкі жыл соңына дейін отандық экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың экспорт алдындағы операцияларын қаржыландыру мақсатында 34 миллиард теңге бөлінеді", – делінген хабарламада.

Бұл қаражат "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы есебінен, сондай-ақ банктің капитал нарықтарынан тікелей қарыз алу аясында бөлінеді. Несие желісін ашуғы биылғы жылдың соңына дейін мүмкіндік бар.

"Барлық экспорттаушы кәсіпорындар қаржыландыруды талап ете алады. Қарыздың ең төменгі сомасы – 1 млрд теңге. Бұл қаражат шикізат пен материалдарды сатып алуға, сондай-ақ экспортталатын өнімді өндіруге байланысты ағымдағы шығыстарды жабуға бағытталынады", делінген хабарламада.

Өтінімдер Қазақстан Даму Банкінің сайты арқылы қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу