"Қазақстанның демократиялық таңдауы" "Көше партиясы" деген атаумен әрекет етіп жүр

944

Сот "ҚДТ" өз атауын "Көше партиясына" өзгерткенін және экстремистік ұйым екенін анықтады.

"Қазақстанның демократиялық таңдауы" "Көше партиясы" деген атаумен әрекет етіп жүр Фото: Максим Морозов

Астана қаласының Есіл аудандық сотымен 2018 жылғы 13 наурызда "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы экстремистік ұйым деп танылып, Қазақстан аумағында оның қызметіне тыйым салынған болатын.

Бас прокуратураның хабарлауынша, 2019 жылғы желтоқсаннан бастап "ҚДТ" көшбасшылары оның атауын "Көше партиясына" өзгерткен.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл шеңберінде прокуратура "ҚДТ" атауын "Көше партиясы" қозғалысына өзгерту фактісін анықтау туралы сотқа арызбен жүгінген.

"Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотының 2020 жылғы 19 мамырдағы шешімімен аталған арыз қанағаттандырылды. Сот "ҚДТ" өз атауын "Көше партиясына" өзгерткенін және олар бір экстремистік ұйым екенін анықтады. Сот Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында "Көше партиясы" деген жаңа атаумен, оның ішінде БАҚ, телекоммуникация желілерін, әлеуметтік желілерді, мессенджерлер мен бейне-хостингтерді пайдалану, ақпараттық материалдарды тарату жолымен "КДТ" қызметіне тыйым салды. Азаматтық процестік кодекстің 243-бабына сәйкес соттың аталған шешімі дереу орындалуға жіберілді",– деп хабарлады прокуратурадан.

Жоғарыда келтірілген 2018 жылғы 13 наурыздағы және 2020 жылғы 19 мамырдағы сот шешімдеріне сай көрсетілген экстремистік ұйымның "ҚДТ" деген атауымен де, "Көше партиясы" деген жаңа аталыммен де қызметіне тыйым салынған.

"Прокуратура туралы" Заңның 32-бабында көзделген өкілеттікті іске асыру шеңберінде Бас прокуратура құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аталған сот шешімінің негізінде енді:

- "ҚДТ" ұйымының қызметіне, оның ішінде "Көше партиясы" деген жаңа атауымен кез келген түрде қатысуға;
- "ҚДТ"/"Көше партиясы" идеяларын насихаттау және қолдау, осы мақсаттарда жарияланымдарды, парақшаларды және өзге де ақпараттық материалдарды кез келген құралдармен және тәсілдермен дайындау, шығару, көбейту және таратуға;
- "ҚДТ"/"Көше партиясы" атынан немесе оны қолдауға митингілер, демонстрациялар, жария акцияларын және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге;
- ақшаны немесе өзге де мүлікті ұсыну және жинау, сыйға тарту, айырбастау, қайырмалдық, демеушілік және қайырымдылық көмек, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету жолымен "КДТ"/"Көше партиясы" қызметін қаржыландыруға тыйым салынғанын түсіндіреді.

Заңмен тыйым салынған аталған әрекеттерді жасау Қылмыстық кодекстің 182 (экстремистік топқа қатысу), 258 (экстремизмді қаржыландыру) және 405 - (экстремистік ұйымға қатысу) баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Бас прокуратура азаматтарды "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымының, оның ішінде "Көше партиясы" деген жаңа атаумен әрекет ететіндердің шақыруына ермеуге, оның қызметіне қатысудан қалыс қалуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу