Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде 165 мың мейіргер жұмыс істейді

436

 Олардың арасында ерен еңбегімен көзге түскендері де бар. 

Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде 165 мың мейіргер жұмыс істейді Фото: kncdiz.kz

Министрлік мереке қарсаңында ақ халатты абзал жандарды құттықтап, алғыс жаудырды. Соның ішінде аға мейіргер Жанна Үшірбақиеваның есімі ерекше аталды.

"Жауапты, тыңғылықты, ұқыпты, қамқор, бұл қасиеттерсіз аға мейіргерді елестету қиын. Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының стационарлық бөлімшесінде оның жетекшілігімен 7 мейіргер мен 8 санитардан тұратын топ жұмыс істейді. Ол жұмысының өте жауапты екенін түсініп, пациенттерге ең жақсы емдеу мен күтімді қамтамасыз ету үшін өз командасының жұмысын мүмкіндігінше тиімді ұйымдастыруға тырысады" - делінген хабарламада.

Жанна Серікболқызы "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін", "Денсаулық сақтау саласының үздігі" төсбелгілерімен марапатталды, ол "Халық алғысы" және басқа да көптеген алғыс хаттардың иегері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу