Қазақстанның Десанттық-шабуылдау әскерлеріне – 26 жыл

410

Биыл десантшылар бірқатар халықаралық және республикалық оқу-жаттығуларға қатысады.  

Қазақстанның Десанттық-шабуылдау әскерлеріне – 26 жыл Фото: gov.kz

Биыл Қазақстанның Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрылғанына 26 жыл толды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осы уақыт ішінде олар Қарулы күштердің ең ұтқыр әрі жауынгерлік әзірлігі жоғары әскер тектерінің біріне айналып, Жоғарғы Бас қолбасшының резерві мәртебесіне ие болды.

Қазіргі таңда десанттық бөлімшелерде ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелер белсенді енгізіліп, барлау және әуе-десанттық даярлық жетілдірілуде. Сонымен қатар жеке құрамның жауынгерлік қабілетін арттыру мақсатында тактикалық оқу-жаттығулар тұрақты өткізіліп келеді.

Десантшылар жыл сайын халықаралық және республикалық оқу-жаттығуларда, сондай-ақ БҰҰ аясындағы бітімгерлік миссияларда жоғары даярлығын көрсетіп жүр.

Биыл олар ҰҚШҰ күштерімен бірлескен "Шекара-2026", "Бауырластық шыңы – 2026", "Өзара іс-қимыл – 2026", "Мызғымас бауырластық – 2026", "Орман бауырластығы – 2026" халықаралық оқу-жаттығуларына және "Батыл тойтарыс – 2026" республикалық оқу-жаттығуына қатысады.

Қазіргі таңда Десантшылар аға буынның даңқты жауынгерлік дәстүрлерін қастерлей отырып, өздерінің "Бізден басқа ешкім емес!" деген жауынгерлік ұранына әрқашан адал болып, жас әскери қызметшілерді патриотизм, ерлік пен Отанға адалдық рухында тәрбиелеуді жалғастырып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу