Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі өсті

806

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.  

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі өсті Фото: gov.kz

2023 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда 11 429,9 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 10,5% көбейді.

2023 жылғы қаңтар-мамырда тауарлар экспорты 4455,5 млн. АҚШ доллары (45,3% көп), импорт – 6974,4 млн. АҚШ доллары (4,2% аз) деңгейінде қалыптасты.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 91,9%, бұдан әрі Қырғызстанға – 4,7%, Беларусқа – 3,2%, Арменияға – 0,2% келеді.

  • Экспорт – 4 455,5 млн
  • Импорт – 6 974,4 млн
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу