Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 11,6% көбейді

560

2023 жылғы бірінші тоқсандағы Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 6629 млн. АҚШ долларын құрады.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 11,6% көбейді Фото: google.com

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 11,6% көбейді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

 Экспорт – 2598,1 млн $ - 41,5%⬆️

 Импорт – 4031 млн $ - 1,8%⬇️

2023 жылғы қаңтар-наурызда тауарлар экспорты 2598,1 млн. АҚШ доллары (41,5% көп), импорт – 4031 млн. АҚШ доллары (1,8% аз) деңгейінде қалыптасты. 

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына 92%, Қырғызстанға 4,7%, Беларусқа 3,2%, Арменияға 0,1% келеді.

ЕАЭО елдерімен эскпорттағы ең жоғары үлес машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттарға тиесілі – 29,4%, одан кейін химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 25,2%.

ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінетін импорт құрылымында мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары басым – 20,8%, металдар мен олардан жасалған бұйымдар үлесі 18,5%, сондай-ақ минералды өнімдер бойынша 13%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу