Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4,1%-ға артты

430

Сауда көлемінің басым бөлігін Ресей құрап отыр.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4,1%-ға артты Фото: inbusiness.kz

2023 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 13 843,1 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 4,1% көбейді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Тауарайналым құрылымы:

  • экспорты 5 430,1 млн АҚШ доллары 
  • импорт – 8 413 млн АҚШ доллары 

ЕАЭО елдерімен экспорттағы ең жоғары үлес машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттарға тиесілі – 28,1%, одан кейін химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 25,5%. 

ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінетін импорт құрылымында мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары басым – 20%, металдар мен олардан жасалған бұйымдар үлесі – 18,9%, сондай-ақ машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар бойынша – 18%. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу