Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 5,6% артты

377

ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінетін импорт құрылымында мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары басым.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 5,6% артты Фото: inbusiness.kz

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 5,6% көбейді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2023 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 16 521,5 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 5,6% көбейді.

2023 жылғы қаңтар-шілдеде тауарлар экспорты 6 380,4 млн АҚШ доллары (32,3% көп), импорт – 10141,1 млн АҚШ доллары (6,3% аз) деңгейінде қалыптасты.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі Армения үлесі 0,1%, Беларуста – 3,3%, Қырғызстанда – 4,6%, Ресейде – 92%.

Жекелеген жағдайларда қорытынды мен қосылғыштар сомасы арасындағы шамалы айырмашылықтар деректерді дөңгелектеумен түсіндіріледі.

ЕАЭО елдерімен экспорттағы ең жоғары үлес машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттарға тиесілі – 28,5%, одан кейін химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 24,5%.

ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінетін импорт құрылымында мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары басым – 19,9%, металдар мен олардан жасалған бұйымдар үлесі – 19,1%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу