Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 5,9%-ға артты

535

Тиісті ақпаратты Ұлттық статистика бюросы жариялады. 

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 5,9%-ға артты Фото: 7kun.kz

Биылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4 133,3 млн долларды құрады.  2022 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда номиналды мәнде 5,9%-ға көбейді.

Ақпаратқа сәйкес, тауарлар экспорты 1 650 млн долларды (+33,9%), импорт – 2 483,3 млн долларды (-7,1%) құраған.

Еліміздің ЕАЭО-ның сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде 92,6%-ы Ресей Федерациясына тиесілі, Қырғызстанға – 4,1%, Беларусь – 3,2%, Армения – 0,1%.

“ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда химиялық изотоптардың элементтері және олардың қосылыстары бойынша 5,6 есе өсім байқалады. Импортта ең үлкен өсім қара металдардан жасалған құбырлар мен басқа түтіктер бойынша – 3,5 есе”, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу