Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 56% өсті

859

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 56% өсті

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 2017 жылғы қаңтар-ақпанда 56% өсті, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

2017 жылғы қаңтар-ақпандағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы – 2582,7 млн АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 56,0%-ға артты, соның ішінде экспорт – 742,0 млн АҚШ доллары (42,6%-ға өсті), импорт – 1840,7 млн АҚШ доллары (62,2%-ға көп).

Комитетте хабарлағандай, Қазақстан Республикасының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер (38,5% ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне), металдар және олардан жасалған бұйымдар (34,8%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (13,3%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (7,6%) құрады.

ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде химиялық өнеркәсіп өнімдері (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 23,0%), минералды өнімдер (20,6%), машиналар және жабдықтар (19,7%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (12,9%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (11,8%), әкелінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу