Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы артты

533

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы артты

Алдын ала деректер бойынша, былтыр еліміздің ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 28311,2 млн долларды құрады. Бұл 2021 өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz. 

Ақпаратқа сәйкес, өткен жылғы 12 айда тауарлар экспорты 9 709,8 млн АҚШ доллар, импорт 18 601,4 млн доллар деңгейінде қалыптасты.

"Еліміздің ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына 92,3% тиесілі. Одан кейінгі орындарда Қырғызстан Республикасы (4%), Беларусь Республикасы (3,6%), Армения Республикасы (0,1%) орналасты.

ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда химиялық элементтер бойынша 2 есе өсім байқалды. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кендері мен концентраттары бойынша төмендеу байқалады.

Импорт бойынша қара металдан жасалған құбырлар мен басқа да түтіктер бойынша 2,5 есе өсім байқалды. Бұл ретте жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдарының импорты төмендеген", - делінген Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратта.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу