Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы 28,1 пайызға өсті

871

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы 28,1 пайызға өсті

Алдын ала мәліметтер бойынша, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда айналымы 2017 жылдың қаңтар-қазан айларында 13 971,4 млн долларға жетті. Бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,1%-ке артық, деп хабарлайды ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде ЕАЭО елдеріне шығарылған экспорт көлемі ақшаға шаққанда 4154,1 млн долларды (2016 жылдың осы кезеңіне қарағанда 32,1%-ке көп), импорт көлемі - 9817,3 млн долларды (+26,5%) құрады. Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымындағы Ресейдің үлесі 92,2% болса, қалған бөлігі Қырғызстан (4,3%) мен Беларусьтің үлесіне (3,5%) тура келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу