Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымының 93,5 пайызы Ресейге тиесілі

706

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен 2022 жылғы қаңтар-ақпандағы өзара саудасы 3 771,2млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 22,8%-ға көбейген. Ұлттық статистика бюросының мәліметі осындай, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымының 93,5 пайызы Ресейге тиесілі

2022 жылғы қаңтар-ақпандағы тауарлар экспорты 1 174,9 млн АҚШ доллары деңгейінде қалыптасқан (26,8% көп), импорт – 2 596,3млн АҚШ доллары (21,1% көп).

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясының үлесі басым – 93,5%, одан кейін Қырғызстан – 3,3%, Беларусь – 3,1% және Армения – 0,1%.

ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жазық илек бойынша ең жоғары өсім байқалған – 3 есе, импорт бойынша өткен жылдың қаңтар-ақпан айымен салыстырғанда бидай мен меслин бойынша өсім ең жоғары болды – 7,4 есе.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу