Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда-саттығы 2,1%-ға төмендеді

981

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен экспорты қаңтар-наурызда 11,3%-ға төмендеді. 

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда-саттығы  2,1%-ға төмендеді

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда-саттығы қаңтар-наурызда 2,1%-ға төмендеді. Бұл туралы ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті.

"2020 жылғы қаңтар-наурыздағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4 389,4 млн АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 2,1 %-ға азайды. Соның ішінде экспорт – 1 227,7 млн АҚШ долларын (11,3 пайыз кеміді), импорт 3161,7 млн АҚШ долларын (2,1 % көбейді) құрады", – деп жазылған комитет ақпаратында.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,5, Қырғызстан Республикасына – 4,1, Беларусь Республикасына – 3,3, Армения Республикасына 0,1 %-дан келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу