2016 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы – 13 583,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 16,8%-ға аз, соның ішінде экспорт – 3 917,6 млн. АҚШ доллары (23,5%-ға аз), импорт – 9 665,9 млн. АҚШ доллары (13,7%-ға аз), деп мәлім етті ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер (33,4% ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне), металдар және олардан жасалған бұйымдар (25,7%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (19%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (10,8%) құрады.
ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 25,8%), минералды өнімдері (16,8%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (16,5%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (13,9%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (12,5%) әкелінеді.