Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорт көлемі қысқарған, деп хабарлайды Atameken Business.
Жалпы, соңғы бес айдың ішінде одақ елдеріндегі тауар айналымы 5 пайызға азайып, 23 млрд доллардан асты.
Қаңтар-мамыр айларында Қазақстаннан Ресейге жіберілген тауардың көлемі 2 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 пайызға төмен.
Қырғызстанға экспорт бірден 17 пайызға төмендеп, 217 млн доллар болған. Ал Белоруське жеткізілген тауар көлемі 15 пайызға азайып, 40 млн доллардан асты.
Арменияға 3 млн доллардың тауары жеткізілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27 пайызға аз.
Дегенмен, кейбір елдерден әкелінген тауардың көлемі өскен. Мысалы, Қырғызстаннан 5 айдың ішінде 127 млн доллардың тауары келген. Былтырмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 13 пайызға көп. Ал Ресей мен Белорусьтен келген тауар 4 пайызға азайған.