Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты төмендеген

645

Биылғы үш айдағы импорты 1,7%-ға өсті.

Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты төмендеген

2019 жылғы қаңтар-наурыздағы ның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4 446,8 млн АҚШ долларын құрады.

 ҰЭМ статистика комитетінің есебінше, аталған көрсеткіш өткен жылдың балама кезеңімен салыстырғанда 0,3%-ға кем, соның ішінде экспорт – 1 344,5 млн доллар (4,8%-ға кем), импорт – 3 102,3 млн доллар болды (1,7%-ға өскен).

Қазақстан ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресейге – 92,8%, Қырғызстанға – 4,0%, Беларуське – 3,1%, Арменияға 0,1% келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу