Қазақстанның ЕАЭО елдеріне импорты 2%-ға азайды

753

Экспорт 9%-ға өскен.

Қазақстанның ЕАЭО елдеріне импорты 2%-ға азайды

Биыл Қазақстан көбінесе темір кені және прокат өнімдерін экспортқа шығарса, шетелден жеңіл көліктерді импорттаған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

2021 жылдың қаңтар-ақпанында ЕАЭО елдерімен тауар айналымы шамамен 3 млрд доллар болған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,3%-ға көп. 

Экспорт 9,1%-ға өсіп, 892,6 млн долларға жеткен, ал импорт 1,7%-ға азайып, 2,1 млрд доллар болған.

ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымының басым бөлігі Ресейге тиесілі: 2,7 млрд доллар. 2020 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,2%-ға артық. 

Кейін тізімде Қырғызстан, Беларусь тұр: тауар айналымы – 
112,4 млн доллар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,9%-ға артық.

Осы жылдың 2 айында Қырғызстанмен тауар 109,8 млн доллар болған. 2020 жылмен салыстырғанда бұл 8,2%-ға аз. 

Бір жылда Армениямен тауар айналымы 32,2%-ға өсіп, 2,3 млн долларға жеткен.

Ресейге экспорт көлемі – 795,9 млн доллар (өткен жылмен салыстырғанда 10,7%-ға артық), импорт – 1,9 млрд доллар (2020 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда көрсеткіш 2,3%-ға аз).

Беларуске экспорт көлемі 15,1 млн долларға (плюс 12,4%), импорт 97,3 млн долларға жеткен (плюс 17,6%).

Қырғызстанға экспорт 5,6%-ға немесе 80,3 млн долларға азайған, ал 
ал импорт 14,6%-ға немесе 29,5 млн долларға көбейген. 

Арменияға экспорт 19,3%-ға немесе 1,3 млн долларға, ал
импорт 1,5 есе немесе 1,1 млн долларға артқан.

Ақшалай мәнде ЕАЭО елдеріне экспортталатын тауарлардың басым бөлігі – темір кені мен концентраттар, сондай-ақ темір мен болаттан жасалған тегіс прокат. 

Импорттың негізгі бөлігі жеңіл автомобильдер, табиғи газ және темір мен болаттан жасалған шыбықтарға (прутки) тиесілі.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу