Қазақстанның екі боксшысы ширек финалға жолдама алды

1245

Қазақстанның екі боксшысы ширек финалға жолдама алды

Үндістан астанасы Делиде бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда. Әзірге, Қазақстан құрамасының екі спортшысы ширек финалға өтті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Кеше бес қазақстандық спортшы шаршы алаңға шыққан болатын. 

56 келідегі Дина Жоламан үндістандық Маниша Мауннан ұтылды. 69 келідегі Ақерке Бақытжан да жарысты аяқтады. Ол австралиялық Кае Скоттан 5:0 есебімен ұтылды.

Ауыр салмақтағы Ләззат Күнгейбаева төрешілер шешімімен украиналық Татьяна Шевченконы жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Әйгерім Қасенова (48 келі) әлемнің бес дүркін чемпионы, үндістандық Мэри Комға қарсылық таныта алмады. 

60 келідегі Карина Ибрагимова Тайпей өкілін жеңіп, ширек финалға өтті. 

Бүгін екі боксшымыз шаршы алаңға шығады. Жайна Шекербекова (51 келі) колумбиялық боксшымен, Милана Сафронова (64 келі) германиялық спортшымен жұдырықтасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу