Қазақстанның екі облысында 35 градусқа дейін аяз болады

962

6-8 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде аяз болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстанның екі облысында 35 градусқа дейін аяз болады Фото: gov.kz

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында болады, осыған байланысты ашық, аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

"Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен қар жауып, тұман түседі, оңтүстікте көктайғақ болады", - делінген ақпаратта.

6 желтоқсанда түнде Қарағандыда, 7-8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстарында 35 градусқа дейін аяз болжанып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу