Қазақстанның екі облысында ескерту жарияланды

1437

Найзағай ойнап, тұман түсуі ықтимал. 

Қазақстанның екі облысында ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 7 қазан күні оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Найзағай ойнап, тұман түсуі ықтимал. Орал қаласында ертең күндіз желдің екпіні секундына 18 метрге жетуі мүмкін. Сол секілді Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріліп, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтау қаласында желдің екпіні – 18 м/с. Осыған байланысты облыстық ТЖ департаменттері тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынып жатқандығын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу