Қазақстанның екі облысында қатты аязға байланысты жол жабылды

899

Қазақстанның екі облысында қатты аязға байланысты жол жабылды

Ақмола және Павлодар облыстарында автожолдар жабылды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

15 қараша күні 23:00-ден бастап, күннің күрт суытуына байланысты Ақмола облысында барлық бағыт бойынша қоғамдық көлік қозғалысы тоқтады. Сонымен бірге, Павлодар облысында ауа температурасы төмендегендіктен, 16 қараша, түнгі 00:10-нан бастап "Астана-Ерейментау-Шідерті" (205- 259 шақырым) автожолының Шідерті ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аумағында қоғамдық көлік қозғалысы тоқтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу