Ауа райының бұзылуына байланысты екі республикалық автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жамбыл облысы:
– 2024 жылғы 13 қарашада сағат 13:00-де республикалық маңызы бар “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 159-238 шақырым аралығында (Отар ауылынан Қайнар ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
– 2024 жылғы 13 қарашада сағат 13:00-де республикалық маңызы бар “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 535-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына.
Түркістан облысы:
– 2024 жылғы 13 қарашада сағат 13:00-де республикалық маңызы бар “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 593-620 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына.