Қазақстанның екі облысында жол жабылды

1065

23 наурыз күні Ақмола, Қарағанды облыстарында күн райының қолайсыздығына байланысты бірқатар тасжол жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР ИИДМ Телеграм каналына сілтеме жасап.  

Қазақстанның екі облысында жол жабылды

Сағат 10:30-дан бастап Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты (қар, желдің күшеюі, жолдың көрінбеуі) "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1291-1353 шақырымы, "Нұр-Сұлтан қаласы-Қарағанды облысының шекарасы" учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Сондай-ақ, 23 наурыз күнгі сағат 10:30-дан бастап Қарағанды облысында күн райының бұзылуына байланысты (қар, желдің күшеюі, жолдың көрінбеуі) "Екатеринбург-Алматы" күре жолының 1353-1426 шақырымында (Ақмола облысы – Теміртау қаласының шекарасы учаскесі) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген.

Бұдан бөлек, сағат 10:45-те Ақмола облысында күн райының бұзылуы себебімен (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі), "Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" тас жолының 51-104 шақырымы (Ақмола облысы-Нұра кенті аралығы) учаскесінде көлік қозғалысы тоқтатылды.

Сағат 10:45-те Қарағанды облысында күн райының бұзылуы себебімен (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі), "Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" тас жолының 16-51 шақырымы, яғни "Нұр-Сұлтан қаласы-Қарағанды облысының шекарасы" учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу