Қазақстанның екі жерсерігі Илон Маск зымырандарымен ұшырылды. Ғарыш аппарататтары Астана уақытымен 00 сағат 32 минутта Калифорниядағы Ванденберг базасынан Falcon 9 Block 5 көкке жіберілді. Ол зымыран-тасығыш орбитаға шағын спутниктер мен кубсаттардың рекордтық санын алып шыққан. Оның ішінде кешенді ұшырудың тапсырыс берушілері - 17 елдің 34 операторы бар.
Space X компаниясының хабарлауынша, осы миссия компанияның және барлық америкалық зымыран-тасығыштардың тарихындағы сапалы жүктеме ретінде аппараттардың саны жағынан ең ірі ұшыру болды. 64 спутниктің ішінде Қазақстан Республикасының екі ғарыш аппараты бар. Біреуі KazSTSAT - салмағы 100 келілік технологиялық маңызды спутник. Қазақстанның екінші ғарыш аппараты - салмағы 5 келілік KazSciSat 1 кубсаты. Оны "Ғалам" бірлескен компаниясы құрастырған.