Қазақстанның экономикалық өсім көрсеткіші 4,7 пайыз деңгейіне жеткен

267

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-француз бизнес-форумының ашылуында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның экономикалық өсім көрсеткіші 4,7 пайыз деңгейіне жеткен Фото: aqorda.kz

Мемлекет басшысы биыл Қазақстанда экономикалық өсім көрсеткіші 4,7 пайыз деңгейіне жеткенін, әсіресе, мұнайдан тыс салаларда елеулі прогресс бар екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, Қазақстан 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін екі есе арттыруды стратегиялық мақсат етіп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасына шетелден инвестиция тарту ісіне айрықша мән берілетінін мәлімдеді.

Қазақстанға шетелден келген тікелей инвестиция көлемі Орталық Азиядағы басқа елдерге салынған инвестициялардың жалпы көлемінен асып түседі.

Президент Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық ынтымақтастық нәтижелі дамып келе жатқанына назар аударды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу