Қазақстанның экспорттық әлеуеті соңғы төрт жылда екі жарым есеге кеміген. Бұл туралы "Kazakh invest" ұлттық компаниясының басшылығы айтты, деп хабарлайды astanatv.kz.
2012 жылы 84 млрд долларды құраған экспорт, былтыр 36 млрд-пен шектелді. Бұл дәстүрлі шикізат бағасының арзандауымен байланысты. Елден экспортталатын өнімнің 80 пайызы шикізат, 20 пайызы ғана дайын өнім. Сондықтан өндіріс бағытын өзгерту қарастырылып жатыр. Қазақстан дәстүрлі салаға басымдық бермекші. Еске салайық, биыл Ұлттық экспорттық стартегия әзірленді.
"Инновация сөзінің жауыр болғаны сонша, кірпіш зауытына да инновациялық деген ат теліген соң, бұл термин күлкіге айнала бастады. Немесе бізде негізі қалыптаспаған планшет зауыты сияқты. Біз тарихы мен тәжірибесі бар, тиісті мамандар мен ғылыми ортасы қалыптасқан дәртүрлі салалар металлургия, мұнай - химия, агрария сияқтыларды дамытып, осы салаларда дайын өнім алуға бет бұрамыз", - деді ҚР тұңғыш президенті - елбасы қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаев.