2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстанның экспорты азайып, импорты артып барады

1437

Ұлттық статистика бюросының порталында ел экономикасының негізгі салаларының көрсеткіштері жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанның экспорты азайып, импорты артып барады Фото: inbusiness.kz

Бюро мамандарының есептеуінше, негізгі көрсеткіштер деңгейінің арту, сондай-ақ кему сипаты да байқалады. Мәселен, 2021 жылдың қаңтары мен сәуірі аралығында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2868,4 млрд теңгені құрап, 2020 жылдан (қаңтар-сәуір) қарағанда 6,6% азайыпты. Ал өнеркәсіп өндірісінің көлемі 11045,3 млрд теңгеге жетіп, 0,8% артқан.

Аталған мерзімде елде ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі шамамен 3% артқан. Бәрінен бұрын елде құрылыс жұмыстарының жанданғанын атап өту керек. Бұл көрсеткіштің көлемі былтырғы кезеңмен салыстырғанда 12,5% артық.

Әйтсе де сыртқы сауда жағынан Қазақстанның көрсеткіші төмендеп бара жатыр.

"2021 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 19729,8 млн АҚШ долларын құрады. Яғни 2020 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда номиналды мәнде 9,4% азайды. Соның ішінде экспорт – 11526,5 млн АҚШ долларын (19,7% аз), импорт – 8203,3млн АҚШ долларын құрады (10,5% көп)", - деп жазылған бюро таратқан мәліметте.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу