Қазақстанның электр энергетикалық секторын жаңғыртуға 20,7 млрд доллардан астам қаражат қажет

188

Қазақстанның электр энергетикалық секторын жаңғыртуға 10 трлн теңгеден астам ($ 20,7 млрд) қажет. 

Қазақстанның электр энергетикалық секторын жаңғыртуға 20,7 млрд доллардан астам қаражат қажет Фото: eastrussia.ru

Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында Үкімет вице-премьері Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, республиканың 22 жылумен жабдықтау кәсіпорнында тозу деңгейі 65%-дан 90%-ға дейін, 18 электрмен жабдықтау нысанында 70%-дан 97%-ға дейін, 13 сумен жабдықтау кәсіпорнында 70%-дан 100%-ға дейін, 24 су бұру кәсіпорнында 70%-дан 100%-ға дейін.

Сонымен қатар, Бозымбаев 55 энергия өндіруші ұйымда жабдықтың орташа тозуы 56%-ды құрағанын хабарлады.

"Ақшаны төрт көзден тарту жоспарлануда: отандық не халықаралық қаржы институттары, екінші деңгейдегі банктер, бюджет пен Ұлттық қордың қаражаты, сондай-ақ энергетикалық объектілердің меншік иелері", - деді ол.

Вице-премьердің тапсырмасына сәйкес, энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны бекіту бойынша қаулы осы жылдың 1 қарашасына дейін дайын болуға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу