Қазақстанның электролиз зауыты бастапқы алюминий өндірісін 2016 жылы 6,3%-ға арттырды

1737

Қазақстанның электролиз зауыты бастапқы алюминий өндірісін 2016  жылы 6,3%-ға арттырды

Қазақстанның электролиз зауыты 2016  жылдың қорытындысы бойынша 235 мың 566,25 тонна бастапқы алюминий өндірді, деп хабарлады зауыттың баспасөз қызметі.

Зауыт 2015 жылы 221 мың 593,45 тонна бастапқы алюминий өндірген. 2016 жылы  бұл көрсеткіш 6,3%-ға өсті.

Кәсіпорын 2017 жылы бастапқы алюминийдің өндірісін 6,8%-ға, 251  мың  644 тоннаға ұлғайтуды көздеп отыр.

Қазақстанның электролиз зауыты  бастапқы алюминий шығаратын отандық жалғыз кәсіпорын.

Бүгінгі таңда "ҚЭЗ" АҚ өз өнімінің 90%-дан астамын сыртқы нарыққа шығарады. Қазақстан алюминийін негізінен Ресей, Украина, Белоруссия және Өзбекстан сатып алады.
ERG – әлемдегі  кен қазу, өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг саласында толықтай ықпалдасқан кәсіпорындармен  табиғи ресурстарды өңдеу жөніндегі  әртараптанған  әлемдегі ірі компаниялардың бірі. "Еуразиялық топ"  Қазақстан аумағында "ТНК Қазхром", "Қазақстан алюминиі", "Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты" Қазақстан электролиз зауыты, "Еуразиялық энергетикалық корпорация" "Шұбаркөл көмір", "ТрансКом" көлік тобы секілді  ERG-дың өндірістік активтерін басқарады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу