Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Біздің GovTech саласындағы цифрлық өнімдеріміз халықаралық деңгейге жетті. 2023-2024 жылдары экспорт көлемі 1,36 млрд теңге болды. Қазақстан электрондық үкімет саласындағы тәжірибесімен Тәжікстан, Того, Сьерра-Леоне елдерімен бөлісіп жатыр. Біз негізінен Smart Data Ukimet, Smart Bridge және GOV.KZ өнімдерін экспорттаймыз", - деді министр Сенаттың жалпы отырысында.
Сөзінше, Қазақстан цифровизация саласындағы бәсекеге қабілеттігін көрсетіп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу