Қазақстан делегациясы 10-13 қыркүйек аралығында Владивосток қаласында Қиыр Шығыс федералды университетінің кампусында өтетін VIII Шығыс экономикалық форумына қатысады.
"Бізде көптеген мәселелер бар: газ, логистика, көлік, энергетика", - деді елші.
Кобяковтың айтуынша, ресейлік-қазақстандық қарым-қатынастар стратегиялық серіктестік сипатында біртіндеп дамып келеді.
"Экономикалық байланыстар нығайып, екі жаққа да тиімді инновациялық жобалар жүзеге асырылуда. Біз екі ел арасындағы ынтымақтастықтың келешегін "Жаңа Жібек жолы" көлік дәлізі жобасын іске асыру аясында көріп отырмыз", - деді ШЭФ-2023 Ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы.