Қазақстанның Елшісі Сербия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

628

Белградтағы Сербия сарайында Қазақстан Елшісі Мәди Атамқұлов Сербияның Президенті Александр Вучичке сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қазақстанның Елшісі Сербия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Рәсімнен кейін өткен екі жақты кездесу барысында серб мемлекетінің басшысы қазақстандық дипломатты қызметке тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтті. Президент А. Вучич Белград пен Нұр-Сұлтан арасындағы дәстүрлі достық байланыстарды одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.

М. Атамқұлов өз кезегінде Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықты дәйекті түрде дамыту ниеті туралы мәлімдеді.

Тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың жоғары әлеуетін іске асыру қажеттілігі туралы, атап айтқанда жоғары және жоғары деңгейдегі өзара сапарларды, бірлескен жобалар мен бастамаларды ұйымдастыру жайлы ортақ пікірге келді. Бұл ретте ағымдағы жылы жоспарланған іс-шаралар екі маңызды оқиға – Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанының 25 жылдығы және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтеді.

Кездесу соңында А. Вучич Елшіге табысты және жемісті жұмыс тілеп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ізгі тілектерін жеткізді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу