Қазақстанның елшісі Үндістан Президентіне сенім грамоталарын табыстады

1162

Кездесу барысында Үндістан басшысы Қазақстан өкілінің рәсімді хинди тілінде өткізгені үшін ризашылығын білдіріп, дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтады.

Қазақстанның елшісі  Үндістан Президентіне сенім грамоталарын табыстады

Қазақстанның Үндістандағы елшісі Ерлан Әлімбаев Үндістан Президенті Рам Натх Ковиндке сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Президент Р.Ковинд Қазақстан өкілінің рәсімді хинди тілінде өткізгені үшін ризашылығын білдірді және дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтай отырып, екі ел арасында қалыптасқан қарым-қатынастардың сенімді сипатын атап өтті.

Әңгімелесушілер бірқатар өзекті мәселелерді, оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ықпалдастық туралы пікр алмасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу