Қазақстанның ең бай азаматы "Формула-1" командасын сатып алды

488

Forbes нұсқасы бойынша, Ким – Қазақстандағы ең бай адам.

Қазақстанның ең бай азаматы "Формула-1" командасын сатып алды Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстандық кәсіпкер Владимир Ким құрамына алты жарыс командасы кіретін Hitech Global Holdings компаниясының акциясын сатып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Sports.kz порталына мәліметі бойынша, қазіргі уақытта F2, F3 және F4 жарыстарына қатысып жатқан сильверстоундық команда дүйсенбі күні өздерінің иесі Hitech Global Holdings Limited компаниясы 25 процент үлесін қазақстандық кәсіпкер Владимир Кимге сатқанын мәлімдеді.

Кимнің негізгі кәсібі тау-кен өндірісі, банк және авиация саласымен байланысты. Ол сондай-ақ Қазақмыс пен KAZ Minerals Group компанияларына басшылық ете отырып, әлемдегі мыс өндірушілердің ТОП-ондығына еніп отыр.

"Мен автоспортқа бұрыннан қызығатынмын және көп санат бойынша жеңіске жеткен әрі болашаққа деген жоспары мықты ұйыммен серіктес болғаныма қуаныштымын", - деді В.Ким.

2026 жылғы маусымнан бастап Hitech командасы Формула-1-ге қатысады.

Forbes нұсқасы бойынша, Ким – Қазақстандағы ең бай адам. Оның мүлкі - 4,6 миллиард доллар және ол әлемдік рейтингіде 607-орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу