Қазақстанның ең ірі мұнай кен орнындағы өндірістің тоқтауына байланысты мұнай бағасы өсті

377

Өндіріс 7-10 күнге дейін тоқтауы мүмкін. 

Қазақстанның ең ірі мұнай кен орнындағы өндірістің тоқтауына байланысты мұнай бағасы өсті Фото: canva

Қазақстандағы Теңіз және Королевское кен орындарында өндірістің уақытша тоқтауына байланысты әлемдік мұнай бағасы өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Reuters басылымына сілтеме жасап.

АҚШ-тың Chevron мұнай-газ компаниясына тиесілі “Теңізшевройл” кәсіпорны электрмен жабдықтаудағы ақауларға байланысты жұмысын уақытша тоқтатты.

Айта кетейік, Brent маркалы мұнай фьючерстері 98 центке қымбаттап, барреліне 64,92 долларға жетті. Ал WTI мұнайы 1,11 долларға өсіп, 60,55 доллар болды.

Мұнай бағасының өсуіне Қытайдан келген оң экономикалық деректер де ықпал етті. Төртінші тоқсанда елдің Жалпы ішкі өнімі күткеннен асып түсті: экономика 5%, мұнай өңдеу 4,1%, ал шикі мұнай өндірісі 1,5% өсті. IG Market сарапшысы Тони Сайкамордың айтуынша, бұл Қытай тарапынан мұнайға деген сұранысты күшейтіп, бағаның өсуіне жағдай жасады.

Сонымен қатар, мұнай бағасына Халықаралық валюта қорының әлемдік экономика өсімі жөніндегі болжамдары, дизель отыны бағасының қымбаттауы және доллардың әлсіреуі де әсер еткен.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, доллардың арзандауы мұнайды шетелдік сатып алушыларға қолжетімді етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу