Қазақстанның еңбек нарығында шетелдіктердің саны артып келеді. HeadHunter компаниясының мәліметі бойынша, 2017 жылдың басынан бергі уақыт аралығында жалпы жұмыс іздеушілердің 2,1 пайызын шетелдіктерден келіп түскен түйіндемелер құраған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 1,7 пайызға жеткен болатын. Бұл туралы LS хабарлайды.
2017 жылдың алғашқы алты айында сайтқа ресейліктерден келіп түскен түйіндемелер саны 60,2%-ға жеткен, украиндықтардың үлесі 13,4% болса, қырғыз азаматтарынан түскен сұраныс 3,6%-ды құраған. Өзбекстан мен Әзербайжаннан түскен түйіндеме 3,4% болды. Түрік азаматтарынан келген түйіндеме 0,7% көрсетті.
Алайда, Antal Kazakhstan компаниясының директоры Анна Ковинская соңғы екі жылда шетелдіктердің елімізде жұмыс істеуге деген құлшынысы төмендеді деп отыр. Еуропалықтар мен америкалық мамандардың еліміздің еңбек нарығындағы қарқыны төмендеген.
Себебі бұрын басшылыққа шетелдік азаматтар шақырылса, қазір компаниялардың көпшілігі казақстандық азаматтарды қабылдайды екен. Алайда, кейбір салалық мамандықтарда кадр тапшылығынан, бұрынғыша шетел азаматтары қызмет етуде, дейді Ковинская.