Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аргентинада ақшаны заңсыз иемденгені үшін ұсталды

2147

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша Аргентина аумағында Андрей Хазбулатов ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аргентинада ақшаны заңсыз иемденгені үшін ұсталды Фото: matritca.kz

"Ақшаны заңсыз иемденгені үшін іздеуде жүрген күдікті Аргентинада болғаны анықталды. Сондықтан осы елдің аумағында Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша Андрей Хазбулатов ұсталды", - делінген ҚР ІІМ мәліметінде.

Күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін елорданың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі былтыр жазда халықаралық іздеуге жариялаған болатын.

Ол 196 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденді деп күдікке ілінді.

Андрей Хазбулатов – философия докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі мәдени саясаты тұжырымдамасы мен "Кинематография туралы" заңы авторларының бірі.

Айта кеткен жөн, 1993 жылы ІІМ-нің құрылымында Интерполдың Ұлттық орталық бюросы құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу