Қазақстанның энергия жобаларына 500 миллион еуро құйылған

623

Қазақстанның энергия жобаларына 500 миллион еуро құйылған

Соңғы 5 жылда 500 млн еуро. Еуропалық қайта құру мен инвестиция банкінен Қазақстанның баламалы энергия жобаларына осындай соммада қаржы құйылған. Бұл туралы "Тұрақты энергетиканың жалпыға бірдей қолжетімдігі" тақырыбында өткен форумда мәлім болды. Енді қаржы орталықтары елімізде энергия тиімділігі жоғары ғимараттарды салуға ақша жұмсамақ. Мәселен Еуропа мемлекеттері қазірдің өзінде энергияны үнемдейтін тұрғын үйлердің санын 25-тен 35 пайызға дейін жеткізбек. Сарапшылардың пайымынша, осы тұрғыда Астананың әлеуеті жоғары. Тек өзге де қалалар бұдан қалыс қалмауы керек деген ой айтылды.

Герассимос Томас, ЕО энергетика бойынша комиссардың орынбасары: "Энергияны үнемділік тек ғимараттар мен қалаларға қатысты емес. Мәселен ауыл шарушылығы, шағын және орта кәсіп саласынада пайдалануға болады. Сондай-ақ, мұны қоғамның игілігіне айналдыруға болады. Күн энергиясын қарапайым адам да күнделікті тұтына алатындай жағадай жасалуы тиіс".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу