Қазақстанның Финляндиядағы елшілігінің бастамасымен қайырымдылық шарасы өтті

848

Қазақстанның Финляндиядағы елшілігінің бастамасымен қайырымдылық шарасы өтті

Шара шеңберінде Даун синдромына шалдыққан балаларға Санта Клаустың атынан сыйлық ұсынылды.

"Біз қоғам назарын "күн балаларына" аудару арқылы олардың мүмкіндігі шектеусіз екенін түсіндіруді көздедік. Жаңа жылда адамдар әсіресе, балалар сиқырлы сәттер мен таңғажайып оқиғалар күтеді. Балалардың арманын орындау үшін фин Аяз атасы өзінің Лапландиядағы ресми резиденциясынан жаңа жылдық сыйлық жіберіп, кішкентай қазақстандықтарға бейнеқұттықтау жолдады. Сонымен қатар балаларға денсаулық пен бақыт тілеп, ашық хат жазды, – деді акцияда сөйлеген сөзінде "Қазақстан дипломаттары бірлестігі" төрағасының орынбасары Жанат Шәкеев.

Санта Клаус жіберген сыйлықтар "Асыл бала" пансионатына тапсырылды.

Айта кетейік, Бүкіләлемдік пошта одағының дерегінше, биыл әлем бойынша 7 млн-нан астам бала Санта Клаустың атына хат жолдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу