Қазақстанның Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ауысты

815

Мемлекет басшысының Жарлығымен Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ауысты

​​Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова – Қазақстанның Франциядағы Елшісі 

1971 жылы 15 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Страсбург қаласының Гуманитарлық ғылымдар университетін және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Халықаралық қатынастар саласындағы доктор. 

Дипломатиялық қызметін 1998 жылы Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің атташесі ретінде бастады. ҚР СІМ Орталық аппаратында ТМД істері жөніндегі комитеттің екінші, бірінші хатшысы, Халықаралық ақпарат комитетінің басқарма басшысы лауазымдарын атқарды. 2003-2007 жылдары Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде екінші, одан кейін бірінші хатшы болып жұмыс істеді.

2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында консультант, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді және Қазақстанның Франциядағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

Француз және ағылшын тілдерін меңгерген. ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу