Қазақстанның Францияға экспорты 9 айда 1,9 млрд долларға жетті

434

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz

Қазақстанның Францияға экспорты 9 айда 1,9 млрд долларға жетті

Ведомство таратқан мәліметке сәйкес, Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2,5 млрд долларды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде - 2,3 млрд доллар болған еді.

"2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстаннан Францияға экспорт 5%-ға өсіп, $1,9 млрд жетті. 

Қазақстаннан Францияға экспортталатын негізгі тауарлар: шикі мұнай үлесі 89,8%),сомасы - 1,7 млрд доллар, уран - 146,5 млн доллар, титан және одан жасалған бұйымдар - 28 млн доллар, күкірт - 10,2 млн доллар, сутегі, инертті газдар және басқа бейметаллдар - 1,9 млн доллар, электр қозғалтқыштары мен генераторлары - 1,3 млн доллар болды", делінген ақпаратта.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте Франциядан Қазақстанға импорт 8,1%-ға өсіп, 512,6 млн долларды құрады. Еліміз Франциядан негізінен дәрілік препараттар сатып алады. Оның ішінде вакциналар, қанның сарысуы секілді тауарлар үлесі 7,9%, сомасы 40,5 млн доллар. Бөлшек сауда үшін буып-түйілген дәрілік заттар - 36,7 млн доллар, хош иісті заттардың қоспалары - 12,7 млн долларға сатып аламыз.

Сонымен қатар, турбореактивті және турбовинтті қозғалтқыштар, өзге де газ турбиналар - 36,9 млн доллар, көмір электродтары - 22,4 млн доллар, радиолокациялық, радионавигациялық аппаратура - 17,1 млн доллар, электр трансформаторлары - 15,1 млн доллар, гербицидтер - 11,9 млн долларға жеткізіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу