Қазақстанның гендерлік теңдік бойынша көрсеткіштері жақсарған

741

Былтыр еліміз 80-орында болса, биыл 65-орында. Бұл туралы "Қазақстан дамуының жаңа сатысындағы отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат" атты Халықаралық ғылыми конференцияда айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

Қазақстанның гендерлік теңдік бойынша көрсеткіштері жақсарған Фото: toshkenties.uz

Жиынға отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы әйелдер құрылымы өкілдері Қазақстандағы гендерлік саясат бағытындағы жетістіктерін жоғары бағалады. Конференцияда гендерлік теңдіктен бөлек, балалар қауіпсіздігі, бақытты отбасы моделін қалыптастыру, демографиялық даму перспективалары, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Қазақстанның соңғы үш жылдағы тәжірибесі де сарапқа салынды.

"Халқымыз ұлттық тәрбиемен салт-дәстүр нормалары арқылы отбасы құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Бүгінгі жаһандану заманына сай жан-жақтан үйрену қазіргі заманның талабы. Әсіресе Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне аяқ басатын шағында ғылыми тәсілдерді зерделеп, сарапшылардың ой-пікіріне құлақ асу маңызды", - деп мәлімдеді ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу