Қазақстанның Грекияға экспорты биылғы 9 айда 37,1%-ға өсті

603

Қазақстан мен Грекия арасындағы сауда айналымы биыл қаңтар мен қыркүйек аралығында 1,3 млрд долларды құрады.  

 Қазақстанның Грекияға экспорты биылғы 9 айда 37,1%-ға өсті Фото: ortcom.kz

Бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37,1%-ға жоғары деп жазады inbusiness.kz Экономикалық зерттеулер институтының деректеріне сілтеме жасап. 2021 жылы бұл көрсеткіш 0,9 млрд теңгені құраған. Екі ел арасындағы сауда айналымының 99%-ын Қазақстан экспорты құрайды. 

Экспорттың ұлғаюына мұнай мен мұнай өнімдері жеткізілімдерінің артуы ықпал етті, өткен жылмен салыстырғанда 41,1%-ға өсіп, 350,7 млн долларды құрады. 

Грек еліне Қазақстанның 11 өңірінен тауар жеткізіледі. Атап айтқанда Атырау (1,1 млрд доллар) Батыс Қазақстан (49,5 млн доллар) мен Маңғыстау (34,1 млн доллар) облыстарынан мұнай, Павлодардан алюминий, Қызылорда мен Жамбыл облыстарынан мұнай өнімдері, Шығыс Қазақстан облысынан астық жеткізіледі.

Қазақстанның Грекиядан тасымалдайтын тауар көлемі 7,5%-ға 16,2 млн долларға өсті. Елімізге негізінен дәрі-дәрмек (7,2 млн доллар), джем, мармелад, жеміс-жаңғақ езбесі (2,1 млн доллар), машина мен арнайы механикалық құрылғылар (1,6 млн доллар) және алюминий фольгасы (810,4 мың доллар) жеткізіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу