Қазақстанның Грузиядағы елшісі ауысты

472

Мәлік Мырзалин Қазақстанның Грузиядағы жаңа елшісі болып тағайындалды. 

Қазақстанның Грузиядағы елшісі ауысты Фото: akorda.kz

Тиісті жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлады жұма күні Ақорда баспасөз қызметі. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды", деп жазылған хабарламада.  

Мемлекет басшысы өзінің басқа Жарлығымен Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Бауыржан Мұхамеджановты қызметінен босатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу